Ответы
Мәдени мұраларды зертеу қай ұрпақ үшін де мәртебелі міндет санаған. дегенмен тарих доңғалағы әрдайым бір ырғақпен қозғала бермеген. бір заманда жарқырап көрінген кейбір рухани қазыналардың келесі бір тарихи кезеңде көмескі тартатыны, не болмаса керісінше, кешегі күні қадірі мен қасиеті елеусіздеу саналған мұраның бағы жанар жұлдызды шағы туатыны - өмір шындығы. парасатының алдындағы биік міндет – шын асылды жасықтан айырып ала білу, оның өзіне лайық бағасын беру. тарих осыны талап етеді. қазақ халқының басына тәуелсіздік бақытын сыйлаған соңғы оншақты жылдың көлемінде рухани дауымызда бірқатар оң өзгерістер дүниеге келді. бұрын жоғалтқан, жоғалта жаздаған асыл қазыналарымызды қайта таптық. қоғамның құрылымдық сипаты ғана емес, тұтастай ойлау жүйесі жаңғырды. ұлттық әдебиетіміздің тарихында мәртебесі биік саналатын абай және оның ақын шәкірттерінің есімдері қайта жаңғырып, олардың өлмес - өшпес мұралары туған халқының назарына ұсынылды. шығармалары жеке – жеке кітап болып басылып шықты. соңғы жылдары жиырмасыншы ғасыр басындағы ұлттық әдебиетіміздің шежіресіндегі ақтандақ жайттар, жазықсыз жалалы болған есімдер, қайта ашылған мәдени мұралар жөнінде бірқатар игілікті зерттеулер жүргізілді. көрнекті қаламгерлердің әдеби мұралары әр қырынан қаралып, өз бағасын алу үстінде. қазақ мәдениетін тану ғылымы, оның ішінде абай жайындағы ғылым жемісті, дұрыс арнаға неғұрлым молырақ түскен сайын оның терең тағылымды ойлары жайындағы мәселе де соғұрлым тереңірек әрі нақтылы зерттеле бастады. бұл салада м.әуезов ұзақ уақыт бойына еңбек етті. 1933 жылы жазған «абайдың туысы мен өмірі» атты мақаласында ол ұлы ақын өз маңындағы талапты жастарға ұстаздық еткенін, шығармашылыққа баулығанын айтады. ал келесі жылы «абайдың ақындық айналасы» атты мақаласында ол бұл мәселеге арнайы тоқталады. зерттеушінің айтуынша абай өзінің ақын шәкірттеріне идея, тақырып, сюжет беріп, жол көрсетіп отырған. абай өзінің бүкіл шығармашылығымен, эстетикалық - көркемдік принциптерімен бүкіл қазақ поэзиясының жаңа арнада , онда реалистік әдістің белең алуына айрықша әсер етті. ал бұл әсер оның өз төңірегіндегі ақындарға тіпті күшті болды. абай өзі жазған шығыс сюжетіне құрылған шығармаларды тек өзі ғана жазбай, шәкірттеріне де тақырып етіп беріп отырған. сол арқылы оның шәкірттерінің шығармаларында да шығыстық сюжетке құрылған аса құнды қисса - дастандар, поэмалар туындады. бұл тақырыпта аянбай еңбек еткен шәкірттері - шәкәрім құдайбердіұлы, көкбай жанатайұлы, әріп тәңірбергенұлы және әсет найманбайұлы. шәкәрім құдайбердіұлы жазған «ләйлә - мәжнүн», көкбай жанатайұлының «ғадыл патша қиссасы» мен «һарун рашид патшасының қиссасы», әріп тәңірбергенұлының «зияда -шаһмұрат», «баһрам», «қожа ғафан», әсет найманбайұлының «ағаш ат», «үш ң әңгімесі», «шеризат», «француз патшаның », «салиха - сәмен» туындыларына абай өз поэмаларына арқау еткен шығыс әдебиетінің әйгілі туындысы «мың бір түннен» тақырып алып беріп отырған. бұл олардың шығармашылық жолдарын ға, ақын ойларының кеңеюіне әкелді. абай маңындағы ақын шәкірттер ұлы ұстаздың өнегесін ілгері . шәкәрім дана шығыстың дариядай айдынды, тұңғияқтай құпиялы, терең ойлы, дәстүрлі мұрасын өз талантының табиғатына дарыта білді. ежелгі сөздің, өрнекті ойдың қасиетін жете сезінді. ақынның «оятқан мені ерте шығыс жыры» деген өлең жолы осы сабақтастық тамырының тым тереңде жатқанын аңғартса керек. шығыс жырының әлдиімен оянған ақын кейінірек шығыстық аңыздар мен сюжеттік желілерді шеберлікпен қайта тірілтті. фирдоуси, хафиз, физули, сағди тәрізді жарық жұлдыздар поэзиясынан өзіне қажетті нәрді талғап, таңдап ала білді, оларды өзінің шабытты жүрегінен өткізе жаңғыртып жырлады. мәселен, сағди дастандарындағы әр алуан хикаялар сюжеттерін шәкәрім бірде өлеңмен, бірде қара сөзбен қайта өрнектеп, шығыс ақынының шығармасынан өзінің ойларына тірек болар тиянақ іздейді. өзінің фиолософиялық түйінін қосады. ондайда шығыс ойшылымен кейде үндесіп, кейде одан алшақтау табылып жатады. шәкәрім көне шығыстың әдебиетінен келе жатқан нәзирашылдық дәстүрден мол сусындады. бұрыннан белгілі оқиғалар жайын баяндағанда немесе өзге елдердің шығармаларын қазақша сөйлетуге келгенде шәкәрім көбінесе осы дәстүрдің ықпалында болды. бұл ежелгі дәстүрге құрғақ еліктеу немесе көзсіз жан жүгіну емес. шәкәрімнің қолданысындағы нәзирашылдық дәстүрдің ең бір жарқырап көрінген мысалы - «ләйлә - мәжнүн» дастаны. күні - бүгінге дейін біресе аударма деп, біресе ақынның төл туындысы деп бағаланып келе жатқан дастанның көркемдік ой кестесі құрылымдық сипаты, жалпы шығармашылық табиғаты «ләйлә - мәжнүнді» қазақтың ұлттық әдебиетінің жазира жайлауында өмірге келген төл перзентіне жақындата түседі. ал шығарманың өмірге келуінің түпкі негізіне зер салсақ, әрине, ол сонау физули, низамилерге көш басын түзейді. міне, осы екі арнаны сабақтастыру, шығыстық сюжеттің сырын қазақ даласының бойына дарыту, ойына сіңіру жолында шәкәрім нәзирашылдық дәстүрді тамаша пайдалана білді.
Өз елін, өзінің кіндік кескен туған жерін, ана сүтімен дарыған туған тілін сүймейтін жоқ. менің туған елім – қазақстан. даласы, таулары биік өр, халқы мейірімді ғажайып өлке. республикның өз алдыма дербес мемлекет болып, тәуелсіздігін алғанына биыл 19 жыл толғалы отыр. осны ойласам кеудемді үлкен қуаныш сезімі кернейді. өз еліңде бақытты, тыныш өмір сүргенге не жетсін! алыс-жақын елдерде соғыс болып жатқанда, біздің аспанымыз ашық, өміріміздің бейбіт болғанына қуанамын. сол бейбітшіліктің арқасында күліп-ойнап, еркін білім алып жүрген ерікті елдің қызының бірімін. мен болашаққа нық сеніммен, үлкен үмітпен қараймын.тәуелсіздіктің алғашқы жетістігі – халқымыз өз таңдауымен ел президенті сайлады. оған үлкен сенім артты, міндет жүктеді. мұның мәнін біз жақсы түсінеміз. әбішұлы назарбаев нұрсұлтан ата – елге, барша әлемге танылған, өмір еңбектің шытырман жолдарынан өткен, шыңдалған, болашақты көрегенділікпен саралап, болжай білетін азамат. өткенінің өзі – көпке үлгі болар өмірбаян. нұрсұлтан әбішұлы алатаудың бауырында дүниеге келсе де, жанға жайлы мекенде өмір кешпей, еңбек жолын теміртаудан бастап, қазақстан магниткасында шындалған. «қанат ұшса қатаяды», - деген осы болар.н.ә.назарбаев қазақстанды әлемге танылған тәуелсіз мемлекетке айналдырды. ел сенімі ақталды деген – осы. ал нұрсұлтан әбішұлы оны тек өзінің жетістігі деп есептемей. «тарих толқынында», «ғасырлар тоғысында» тағы басқа еңбектерінде халықты өткеніне үңілтіп, бүгінгісіне шүкіршілік етуге тәрбиелеп отырды. ата- батыр халық аттың жалында, найзаның ұшымен, білектің күшімен, ақтық демі біткенше, елін дұшпанға таптатпай, алтайдан дунайға, сібірден шығысқа дейінгі ұлан-ғайыр даланы небір сұрапыл соғыстардан, замана зұлматтарынан аман алып қалып отырған. «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» жылдардың тар жол, тайғақ кешуінде де тәуелсіздік туын құлатқан жоқ. ата-баба ның сол тізгінің елбасының нұрсұлтан әбішұлыда атамыз мықтап ұстаған. олай деуімізде де себеп бар. өйткені, президент құқығы мен заңға саналы түрде басым бағыт бере отырып, өз еліндегі тыныштық пен келісімді көзінің қарашығындай сақтауда. елдің ата заңы конституциясы мен рәміздері өмірге келді. тәуелсіз отанымыздың көк жүзімен астасқан көк байрағы астында біріккен ұлттар ұйымына мүше болдық. ардақты ана тіліміздің мемлекеттік мәртебе алғаны, тұңғыш төл теңгеміздің шығуы, семей атом полигонының жабылуы – бәрі де елбасына тікелей араласуымен болған. ел ордасы болып астана бой көтерді. бұл қала өзінің әсем сәулет өнері үлгілерімен, сан-алуан тарихи және мәдени ескерткіштерімен, сұлулығымен әлем назарын өзіне қаратып отыр. мұнда тамаша сәулет өнері туындылары, солардың ішінде "ақорда”, "бәйтерек”, "бейбітшілік және келісім сарайы”, "думан” орталығы секілді көптеген ғимараттар мен ескерткіштер орналасқан. әсем қаламыз – астананың жылдан-жылға жаңарып, көркеюіне елбасымыздың қосқан үлесі орасан зор. 1998 жыл «халық бірлігі мен тарих жылы» атанғаннан кейін біршама тарих беттерінде ашылмаған, анықталмаған тарихи байлықтарымыз ашылды. 1999 жылдың «ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы» деп жариялануы тектен-тек емес. президентіміздің тпсырысымен көптеген қазақ азаматтары өзінің ата-бабларының тұрған, кіндік қаны тамған кең байтақ қазақ еліне келіп, өмір сүрулеріне мүмкіндік алды. 2000 жыл «мәдениетті қолдау» болып жарияланған. мәдениет -әрқашан ң ұлы мұраты, асыл болмыс-бітімі, рухани байлығы. жаңа ххі ғасырға қ басқан шақта қазақ халқының өнерін жаңғыртып, мәдениетін басқа елдерге таныту игіліктің басы. елбасының н.ә.назарбаев сол туралы: «біз – талантты халықтың өнерлі ұрпағымыз». ата – дәстүрін, ана – тәрбиесін көріп өскен, содан нәр алып жетілген ұрпақтың өнерді қадірлемеуі мүмкін емес. халық өнері – қазына. біз сол өнерді жалғастырушыларымыз» - деп, барлық елді мәдениетті қолдап, атадан қалған қазынаны ұмытпауға үндеді және оны өркендетуге мүмкіндіктер жасады.президентіміз белгіленген «қазақстан – 2030» бағдарламасы және жыл сайынға жолдауы біздің адаспайтын жолымыз, айқын да ашық бағдарымыз. елбасы өз жолдауында «қазақстанның болашағы жастардың қолында»,- деп бізге үлкен сенім білдірді. «хан біреу болса керек, қалғандары тіреу болса керек», - деген есті сөз бар. американдықтар дж.вашингтоның, орыстар бірінші петрді, түріктер ататүркті қастерлейді. оларды шын мәніндегі мемлекеттерінің негізін қалаушысы, ел тағдырының ең бір қиын кезеңінде тізгін ұстапшысы, ту көтерген тарихи тұлғасы ретінде құрметтейді. сондай текті де дара тұлға – н.ә.назарбаев. нұрсұлтан әбішұлының «тарих толқынында» еңбегі барысында 1999 жылы мұхтар құл-мұхамедке берген сұхбатында: «мен елбасы болсам да, қазақ деген атасын ардақтап, анасын сыйлаған, әруағын қастерлеп, алласынасыйынған елдің бір перзентімін» дейді де президентіміздің ұлылығы мен көрегенділігін айқын түсінгендейміз. осы сөз кейінгі ұрпаққа қарапайымдылық пен ізеттіліктің не екенін үйретері сөзсіз. мен осы ізгілікті жадыма сақтай отырып, ел тәуелсіздігі мен ел президентін бөлек қарауға болмайтын егіз ұғым екенін түсіндім.
Другие вопросы по Казақ тiлi
Сделать фонетический разбор слово: дүкенде...
Қазақ тiлi
10.03.2019 13:00
Перевести правильно без всяких не понятных слов нормально переведите мне қымыз биенің ашыған сүті. қымызды ашытып, баптау – өте күрделі процесс.қазақтар қымызды жылқы терісінен жа...
Қазақ тiлi
03.03.2019 11:35
Вот по этому тексту 7 вопросов ,...
Қазақ тiлi
10.03.2019 19:16
Соч за 3 четверть 6 класс по казахском языку, , скажите ответы кто знает...
Қазақ тiлi
11.03.2019 08:09
Дос жылатып айтады душпан кулдирип айтады магынасы...
Қазақ тiлi
11.03.2019 08:07
Рған жоспарына сүйеніп мәтінді қысқаша мазмұнда.мәтінде ыңғаластық және қарсылықты жалғаулықтпрды қолдан...
Қазақ тiлi
12.03.2019 05:18
Заделать диалог на казахском языке на тему ұлы жібек жолының өткен жерлерін айтып беріңіз. 6 вопросов и 6 ответов...
Қазақ тiлi
12.03.2019 08:38
Напишите объявление на казахском языке про то что вы продаете процессор и другие принадлежности для компьютера . в объявление укажите свой номер телефона и адрес . напишите на каз...
Қазақ тiлi
12.03.2019 11:34
Предложения с разными салалас құрмалас сөйлем...
Қазақ тiлi
12.03.2019 17:00
Эссе на тему " өркениетке жеткізген нәрсе - ғылым"...
Қазақ тiлi
12.03.2019 18:10
Сделать тест из 8 вопросов по теме наурыз на казахском языке...
Қазақ тiлi
12.03.2019 19:55
Сделайте . берілген тақырыптардың бірін таңдап, жұбынызбен диалог құрастырыныз (6-8 сөйлем) диалог құруда тура, ауыспалы мағынадағы сөздерді, сұраулы, хабарлы, лепті және бұйрықты...
Қазақ тiлi
12.03.2019 22:21