Ответы
Александр Македонский жеңбеген бірде-бір жау болмады. Ол алмаған бірде-бір қамал болмады. Ол бағындырмаған бірде-бір қала болмады.Шығыс халықтарына Александр жорықтарының шын мәні беймәлім болды. Александр грек мемлекетін талқандап, халқын тәуелді еткеніне, оның жорықтары Шығыс елдерін ойрандап, мәдениет қазыналарын жойғанына шығыс ақындары мән бере қоймады. Сондықтан да нағыз Александр тез ұмытылып, аңыздар мен ертегілер тұманында ғайып болды. Александрды өнегелі бақарушы етіп суреттеу дәстүрі қалыптасты.
Ескендір Зұлқарнайын, Александр Македонский (патшалық құрған мезгілі б. з. б. 336 – 323) – әлемге аты мәшһүр қолбасшылардың бірі. Оның жорықтарының қазақ даласына байланысты тұстары жайында «Қазығұрт: аңыз бен ақиқат» атты кітапта жазылған. «Жалғыз ғана қазақ арасында емес бүкіл Шығыс әлемінде Ескендір Зұлқарнайын деп аталып кеткен кісі – македониялықтардың әйгілі қолбасшысы Александр Македонский. Александр шын мәнінде Филипп патшаның ұлы, «Македонский» деген қосымша есімі, ал Шығыс халықтарының арасында осы қолбасшының қос мүйізі бар екен деген лақап тарап кеткен. Сондықтан ол Зу-ль-Карнейн («Қос мүйізді») аталыпты. Осы Зұлқарнайын, яғни Македонский патша да қазақ даласын жаулап алуға құмар болған көрінеді. Ол қол астындағы жауынгерлерге қарағанда әлденеше есе көп әскері бар Дарий патшаны күйрете жеңген соң өзі жаулап алған жерлердің көбінде қала тұрғызып, грек-эллин мәдениетін енгізе бастайды. Оның күл-талқан етіп жойып жіберген қаласының бірі Кир қаласы – Кирополис. Осы қаланың қай тұста екені, яғни нақтылы орны қайда екені ғалымдардың арасында әлі күнге дейін дау туғызып келеді. Дегенмен көпшілік ғалымдар оны қазіргі Қоқан қаласының маңында немесе Ходжент қаласының орнында болған деген тұжырымға тоқтайды. Қазіргі кезде анықтама деректерде осылай көрсетілген. Македонский осы өзі жаулап алған Азия аймағында тез арада-ақ өз есімі берілген онға жуық қала тұрғызыпты. Соның бірі Александрополис немесе Александрия-эсхата (Шеткі Александрия). Ғалымдар осы қаланы да Ходжент қаласының маңынан немесе дәл орнынан іздейді. Археологтар қазба жұмысын жүргізіп көргенде жер қыртысынан Александр заманынан бұрынғы дәуір мәдениетінің де бұйымдары кездескен. Мүмкін ол бұрынғы Кирополистың қалдығы болар. Біздің осы бір Сырдария өзенінің бойына салынған Александр қаласының тарихын тәптіштеп жатқанымыздың да сыры бар. Өйткені, Македонский жорығының қазақ даласына қарай жасаған бағыты осы маңнан онша қашыққа бармаған. Бұл ең шеткі қаласы еді. Ал басқалары Александрия Арийская (Герат), Окс өзеніндегі Александрия (Термез немесе Куляб маңында), Александрия Маргиланская (қазіргі Байрам Али) Бактра қаласының маңындағы Александрия, т.б.
Македонскийдің жорығына байланысты оның соңғы рет өтіп, тауы қайтқан соң шегінген өзені жөнінде тарихи жазбалар бар. Солардың үшеуінің авторлары Арриан (біздің дәуіріміздің бірінші ғасырында өмір сүрген грек ғалымы), Аммиан Марцелин (330 – 400 жылдар шамасында өмір сүрген тарихшы) мен Квинт Курций (біздің дәуіріміздің бірінші ғасырында өмір сүрген Рим жазушысы). Македонский жорығының бағытын күрт өзгертіп, Орталық Азиядан Кавказға қарай сүйреп жүрген осы Квинт Куций. Ол Македонскийдің өткен өзенін Танаис (Дон) деп жазады да Парапамизусты Кавказ деп көрсетіп, Каспийді Азов теңізімен шатастырады. Курцийдің осы қателігін (сол сияқты Македонский тарихшыларының да қателігін) кезінде Страбон дәл айтып берген болатын. Біріншіден, Квинт Курций еңбегі ақыл-уағыз айтуға бағышталған көркем шығарма. Македонский жорығы мұнда мысал үшін келтіріліп отырады. Екіншіден, ол Македонскийдің бейнесін өз деңгейінен әлдеқайда жоғары көтеру үшін Донға апарып, Еуропаны да жаулап алып еді деген ұғым туғызғысы келеді.
Другие вопросы по Казақ тiлi
Сочинение о временах года на казахском...
Қазақ тiлi
09.03.2019 15:40
Сөз тіркестерін қатыстырып сөйлем құраңдар. жаны бай, аққөңіл, ақын ел, батыр ел, достық мекені, жері бай, ынтымақ мекені. үлгі: қазақстан - ынтымақ мекені....
Қазақ тiлi
10.03.2019 12:30
Болатын алыска карайды сонын магынасы 150 лайков...
Қазақ тiлi
03.03.2019 08:38
Составте предложения со словами: сақина, қозғалыз, жену, читиус, альтиус, фортиус, алау. алау - огонь, остальное не помню....
Қазақ тiлi
03.03.2019 19:27
Напишите из этих словосочетаний предложение.1)қызғалдақтай жайнап2)қыр гүліндей жайнаған3)ерту піскен бүлдіргендей4) ак мақтадай аппақ...
Қазақ тiлi
03.03.2019 20:47
Полилог. «егер компьютер »тақырыбында пікір алмасындар...
Қазақ тiлi
03.03.2019 20:29
Салым сөзін қатыстырып сөйлейм құрау...
Қазақ тiлi
07.03.2019 09:13
Это напишите пожелания на 8 марта бабушке на казахском языке...
Қазақ тiлi
07.03.2019 18:43
Мәтін: ғаламтордың дұрыс пайдалану- мәдениеттәі белгісі...
Қазақ тiлi
10.03.2019 14:45
Берілген сөздердің синоним,антоним, омонимдердін тап. түсіндiр.синонимдерiн тап: шұғылдану,атақты.антонимдерiн тап: қатал, күшті.омонимдердін тап: жаттығу,жаз. с казахским .здесь...
Қазақ тiлi
11.03.2019 14:00
Фонетический разбор слов отбасым и ойна...
Қазақ тiлi
11.03.2019 15:20
Азақстан көп ұлтты ел болғандықтан жақсарып,халық саны өсіп,түнгі ұйқылары тыныш болуда,сіз осы тұжырыммен келіесіз бе? келісу немесе келіспеу себептерін 4-5 сөйлем арқылы жеткізі...
Қазақ тiлi
11.03.2019 18:36